Criminals
Бокс

Сондерс: «Канело» - кішкентай сары қорқақ

Сондерс: «Канело» - кішкентай сары қорқақ
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) мексикандық боксшы Сауль «Канело» Альваресті (48-1-1, 34 KO) қатты сынға алды, деп хабарлайды boxingscene.com сайты.

«Мен сіздерге «Канелоның» шын мәнінде кім екенін айтайын. Ол кішкентай сары қорқақ. «Канело» осындай адам. Головкинге белбеуін өз еркімен бергеннен соң GGG-дің мазасын ала бергенін түсінбедім. Ол Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді. Тіпті ешкіммен жекпе-жек өткізуге ниеті жоқ. Жұдырықтасамын десе қарсыластарының салмағын түсіруін талап етеді. Олар Чавесті ақылға қонбайтын салмаққа түсірді. Альварес Головкинге қарсы 160 фунт салмақта жұдырықтаспайды. «Канело» қалай да болсын кішігірім мұрасын сақтап қалғысы келеді. Алайда, оны да Мейвезер алып қойған. Оның қалтасы толған ақша болуы мүмкін, бірақ тарихқа ұлы боксшы ретінде қалмайды», - дейді Сондерс.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық боксшы осыған дейін Геннадий Головкинге қарсы Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер