Футзал

Какау: Нетоны кім алмастырады? Сүлейменов пен Есенаманов бар

Какау: Нетоны кім алмастырады? Сүлейменов пен Есенаманов бар
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бас бапкері Prosports.kz-ке берген сұхбатында ішкі чемпионаттың аяқталуы жайлы, Төрттік финалы мен қорғаушы Нетоның жағдайы туралы айтып берді.

- Соңғы матчта «Қайрат» секілді ойнамадық. Бір жағынан бұл да жақсы, себебі қателерді көріп алдым. Өкінішке қарай, жеңіске деген ниетіміз аз болып шықты. Сол матч туралы ұмытуымыз керек. Қанша дегенмен, мақсат орындалды – чемпионатты жеңіп алдық.

Ойыншылар шаршады. Диваней, Дуглас, Игита, Сүлейменов алаңда көп уақыт өткізді. Оларға демалыс керек. Бізді алда Төрттік финалы күтіп тұр. Ең маңызды турнир, оның үстіне, өз алаңымызда ойнаймыз. «Интер Мовистарға» қарсы матчқа дайындалуымыз керек. Бірнеше ойындарын көргенмін, шабуылда және қорғаныста қалай ойнайтынын қарадым. Олардың құрамында әлемнің үздік ойыншысы Рикардиньо бар. Тартысқа толы кездесу болмақ.

- Бүгінде кей ойыншыларымыз жарақат алды. Мысалы, Дрот, Тайебидің жарақаттары бар.

- Тайеби «Ақтөбеге» қарсы ойнаған жоқ. Оған демалыс бердім. Дрот жақын арада айығуы керек.

- Нето ұзақ уақытқа жарақаттанды. Ол қорғаныстың маңызды ойыншысы еді, орнын кіммен алмастырасыз?

- Димаш Сүлейменов – біздің капитан. УЕФА кубогының екі финалына қатысты. Шыңғыс Есенаманов та ойнай алады. Осылайша, бізде қорғаныста Дуглас, Димаш пен Шыңғыс бар. Қорғаныс бойынша жұмыс істейміз. Нето тәжірибелі ойыншы, әлем чемпионы, бірақ мен өзімде бар футзалшыларға сенемін.

- Нето қазір өзін қалай сезінеді?

-Жақсы. Ойнауға ниеті бар. Өз еміне жақсы жағынан қарап жүр. Бұл мені қуантады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер