Хоккей

Дамир Рыспаев қарсыласын борттан итеріп жіберді. Видео

Дамир Рыспаев қарсыласын борттан итеріп жіберді. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаев кезекті рет дөрекі ойынымен көзге түсті.

Елордалық «Номадтың» ойыншысы Қазақстан чемпионатында «Алматыға» қарсы матчта айдынға шыққан. Ойын барысында қарсылас команданың қасынан өтіп бара жатып Рыспаев қонақтардың ресейлік шабуылшысы Михаил Климчукті итеріп жіберді. Ол кезде Климчук бортта отырған болатын. Дамирдің бұл әрекеті «Алматы» хоккейшілеріне ұнамай қалды. Соның салдыранын командалар төбелесіп қала жаздады.

Ойын 7:2 есебімен «Номадтың» пайдасына жазылды. Бірақ Рыспаев сол оқиғадан басқа көзге түскен жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер