Жекпе-жек
Бокс

Сондерс немесе Альварес. Головкин кімді таңдайды?

Сондерс немесе Альварес. Головкин кімді таңдайды?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін өз елінде өткізуге ниетті.

Яғни, маусым айында өтетін ЭКСПО 2017 көрмесінде Головкин қайта шаршы алаңға шықпақ. Бірақ боксшымыздың бұл жоспарын Канело бұзуы мүмкін. Қалай дейсіз бе? «Голден Бой» Альварес - Головкин кездесуін қыркүйек айында ұйымдастырғысы келеді. Бұл жағдайда Генаға жазда жоспарланған айқасты ұмытуға тура келеді. Себебі, Канелоға қарсы үлкен мегафайт ұйымдастыру кем дегенде 4-5 айды қажет етеді (Бұл пиар-жұмыстар, баспасөз-мәслихаттар, кездесуге дайындық және т.б).

Ендігі сұрақ - жерлесіміз кімді таңдайды? Ең қызығы, Сондерс те, Альварес те жекпе-жекке келісіп тұр. Бірақ мексикалық алдымен өз отандасы Хулио Сезар Чавесті жеңуі тиіс. Ал Билли Джо болса әлі күнге дейін қарсылассыз жүр. Бәлкім, Генаны күтіп жүрген шығар?

b483c7cd2757a9949222b4a8528a9061.jpg

Майқұдық тумасының ең басты арманы - абсолютті чемпион атану. Бұл жағдайда отандасымызға уақытша Канелоны ұмытып, бар назарын Сондерске аудару керек. Оның еншісінде Головкинге жетпей жүрген WBO белбеуі бар екенін бәріміз білеміз.

Қазіргі таңда, Головкиннің командасы британиялық боксшымен келіссөздер жүргізуде. Бәрі қаржы мәселесіне тіреліп тұр. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Сондерс Астанадағы жекпе-жек үшін 4-5 миллион доллар сұрапты.

«Трипл Джидің» промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкинге бұл екі кездесуде өте маңызды және келесі қарсыласын таңдау мәселесін Генаның өзі шешеді.

Ендеше алдағы уақытта қазақстандық боксшының командасынан қуанышты жаңалықтар күтеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер