Футзал

Әлемнің үздік клубтары - «Алматы Аренада»!

Әлемнің үздік клубтары - «Алматы Аренада»!
news-banner7
mobile-news-top

Алматы футзалдан УЕФА кубогының төрттік финалын қабылдайды!

2017 жылдың 28-ші және 30-ші сәуірінде «Алматы Аренада» «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Газпром-Югра» (Россия) және «Қайрат» АФК (Қазақстан) Еуропаның басты титулы үшін сайысқа түседі!

«Қайраттың» қақпасын әлемнің ең үздік қақпашысы Игита қорғаса, «Спортинг» сапында алматылық жанкүйерлердің сүйікті ойыншыларының бірі Лео ойнайды, ал «Югра» құрамында ресейлік футзалдың жарық жұлдыздарының бірі Эдер Лима өнер көрсетеді, сонымен қатар «Интерде» әлемнің үздік футзалшысы Рикардиньо бар!

Тарихи сәтті көруден құр қалма!

Ойын кестесі:

28 сәуір 2017 ж.

«Газпром-Югра» - «Спортинг» 18:00

«Интер Мовистар» - «Қайрат» 20:00

30 сәуір 2017 ж.

Үшінші орын үшін өтетін ойын - 17:00

Финал - 19:00

Билеттерді осы сілтеме арқылы сатып алуға болады.

*Ескерту

Қазіргі сәтте С6, С7, С8 және В7 секторларының билеттері сатылымға түсті.

Қалған секторлардың билеттері жақын күндері сатылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер