Жекпе-жек
Бокс

Мырза Еркенбеков: Головкинге сын айтқанша, менімен күш сынас

Мырза Еркенбеков: Головкинге сын айтқанша, менімен күш сынас
news-banner7
mobile-news-top

Панкратионнан әлем чемпионы Мырза Еркенбеков «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитовты қашқақтай бермей жекпе-жекке шығуға шақырды.

Бұл туралы Мырза Еркенбеков өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

d3c2d467de43212f7bab17ab46108fe0.png

Жазбасында Мырза барлық қазақстандықтарды Геннадий Головкиннің жеңісімен құттықтаған. Головкиннің жеңісі бүкіл қазаққа ортақ екенін айта келе, оны сынға алған Қуат Найманды қашқақтай бермей жекпе-жекке шығуын талап еткен.

Өзінің 22 жасында чемпион атанып отырғанын алға тартқан Мырза Головкинге емес «Найманға» спорттан кетуі керектігін жазған.

8ceba291f88199c4f9b686e41a738a7f.png

Естеріңізге салсақ, 19-шы наурыз күні Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гардэн» аренасында америкалық Дэниел Джейкобспен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

Кездесуден соң аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов «Генаға бокстан кету керек» деген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер