Criminals
Футбол

Мозамбикте 19 жасар футболшыны қолтырауын жеп қойды

Мозамбикте 19 жасар футболшыны қолтырауын жеп қойды
news-banner7
mobile-news-top

Мозамбик мемлектінің жас футболшысы Эстевао Альберто Жино қолтырауын шабуылынан кейін қайтыс болды.

Бұл жағдай жайлы «Атлетико Минейро де Тет» клубының фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.

«Бүгін біз қайғылы жағдайға тап болдық. Біздің досымыз, ағамыз, ініміз, ұлымыз және мәңгі орталық қорғаушымыз Эстевао Альберто Жино өмірден өтті. Оның жасы 19 ғана болса да футболдағы болашағы зор еді. Кеше ол Замбези өзенінде қолтырауынның құрбаны болды", - делінген хабарламада.

d236eb72511dd35159b0227305ca309b.jpg

Клубытың менеджері Эди Карвальоның айтуынша, қолтырауын судан күтпеген жерден шығып, футболшыны тістеп суға тартып әкеткен. Оның қасында болған екі командаластары қатты шошығандықтан қимылсыз орнында қалған. Қолтырауынның ұзындығы бес метрдей болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер