Басқа

Төлеген Құмаров: Қарағандыдағы турнирде жүлде қоры жоқ

Төлеген Құмаров: Қарағандыдағы турнирде жүлде қоры жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда «Сұңқар» спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсудан «ARLAN GRIP SELECTION» халықаралық турнирінің ашылуына байланысты баспасөз-мәслихаты өтті.

Қазақстан бразилиялық джиу-джитсу мен грэпллинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров:

- 18-20 наурыз арасында Қарағандыда бразилиялық джиу-джитсу мен грэплингтен «Karaganda Open» ашық чемпионаты өтеді. Бұған шет ел спортшылары да қатысады. Сайыстардың чемпиондары жыл соңында Алматыда өтетін ақтық кезеңге жолдама алады. Мұнда үлкен жүлделер сарапқа салынады. Бұл біріншілік халықаралық аренада өзін көрсетіп үлгерді. Биыл біз «Road to Japan» турнирін ұйымдастырғанбыз. Сайыстың жеті жеңімпазы Жапониядағы халықаралық жарысқа аттанды. Сол жақта жақсы нәтиже көрсеттік – екі «қола» алдық, ал Османжан Қасымов 77 келіге дейін салмақта чемпион атанды. Енді ол қыркүйекте Финляндияда өтетін әлем чемпионатына барады.

- Турнирге дайындық қалай өтіп жатыр?

- Сайыстар Серік Сәпиев атындағы бокс залында өтеді. Дайындық жақсы өтіп жатыр, ұйымдастырушы комитеті қазір Қарағандыда. Әр турнир сайын бір жаңашылдық қосамыз. Сайыстың жоғары деңгейде өтуі үшін барымызды саламыз.

- Бұл турнирде қандай жаңашылдық бар?

- «Karaganda Open» сайыстары үш «кілемде» өтеді. Оның екеуінен Ютубтағы арнамызда тікелей трансляция ұйымдастырамыз.

- Бұл турнир халықаралық санатта. Қай елдерден ұсыныс түсті және сайыстың жүлдеқоры қандай?

- Қарағандыдағы турнирде жүлде қоры жоқ. Бұл чемпионаттың ақтық кезеңіне іріктеу ғана. Ал шешуші кезеңде жүлде қоры бар. Соңғы екі жылда біздің турнирге Грузия, Украина, Ресей, Бразилия мен Аустралия спортшылары қатысты.

Бразилиялық джиу-джитсу мен грэпллингтен 2017 жылғы Азия және Мұхитаралық чемпионаттың жеңімпазы Османжан Қасымов:

- Жапонияға бармас бұрын Қазақстанда іріктеу турниріне қатыстық. Сол кезде де қиын болған. Біздің елде бәсекелестік жоғары деңгейде. Іріктеуден кейін Қазақстан құрамасы жасақталып, біз ел намысын қорғау үшін Жапонияға аттандық. Ол жақта жақсы өнер көрсеттік.

Енді қыркүйекте Хельсинкиде өтетін әлем чемпионатына дайындаламыз. Маған артылған жауапкершілік үкен, себебі мені ірі сайыстарға қатысып жатқан қазақстандық алғашқы грэплер деп атауға болады. Еліміздің намысын абыроймен қорғауға тырысамын.

Бразилиялық джиу-джитсу мен грэпллингтен Алматы құрамасының мүшесі Ержан Естанов:

- Қарағандыда бразилиялық джиу-джитсу мен грэпллингтен ашық турнир өтеді. Өкінішке қарай, бұл чемпионатқа қатыса алмаймын, себебі сәуірде «Алаш Прайд Айбыны» сайысында өнер көрсетемін.

Бразилиялық джиу-джитсу мен грэпллингтен Алматы құрамасының мүшесі Еркінбек Инжел:

- Қазір Қарағандыдағы турнирге дайындалып жатырмыз. Бүгін сол жаққа шығамыз. Сайыс жоғары деңгейде өтеді деп үміттенеміз. Жалпы, грэпплингке келгеніме бір жыл ғана болды. Әлі де болса, ММА-ден кейін осы спортқа бейімделіп жатырмын.

Естеріңізге сала кетсек, бразилиялық джиу-джитсу мен грэпллингтен «Karaganda Open» турнирі 18-20 наурыз арасында Қарағандыдағы С. Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер