Баскетбол

«Астана» кубокты жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда баскетболдан өткен Қазақстан кубогы жолындағы додаға еліміздің таңдаулы деген алты командасы қатысты.

Егемен Қазақстанның хабарлауынша, жеңімпазды анықтаған ше­шеуші сында «Астана» мен «Аты­рау барыстары» командалары кездесті. Финалда өрнекті де өте қызықты ойын үлгісін көрсеткен «Астана» командасы 66:46 есебімен жеңіске жетіп, Қазақ­стан кубогының иегері атанды.

Бұдан бөлек, кубок сынының қола жүлдесін қостанайлық «Тобыл» мен ақтаулық «Каспий» командалары өзара сарапқа салды. Бұл матч та аса тартысты өтті. Кездесу барысында жинақы ойнап, жеңіске деген жігерлілік танытқан «Каспий» клубы қарсыласын 99:86 есебімен ұтып, турнирдің жүлдегері атанды.

Жарыс қорытындысында арнайы аталымдар бойынша үздік ойыншылар анықталды. Олардың қатарында Рүстем Мұрзағалиев («Астана»), Рустам Ерғали («Астана»), Павел Ильин («Атырау барыстары»), Антон По­номарев («Астана») және Все­волод Фадейкиннің («Алматылық Легион») есімдері аталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер