Басқа

Қуат Хамитов: Пайдасыз депутаттар не керек?

Қуат Хамитов:  Пайдасыз депутаттар не керек?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ММА шебері Қуат «Найман» Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында Альберт Раудың ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болып тағайындалғаны жайлы пікір білдірді.

«Тағы бір депутат! Маған біреу депутат болу үшін не істеу керек екенін түсіндіріп бере ала ма? Бір күнде депутат болатындай олар не істеді? Біз бұл депутаттардың халық үшін ештеңе істемейтінін жақсы білеміз ғой. Бұл дегеніңіз залда бір рет те болмай чемпион атанумен бірдей. Біздің елде бар-жоғы 16 млн адам бар. 16 млн - Мәскеу мен Шанхайдың халық санының жартысы ғана. Олардың бітпейтін мәселелерін топ болып шеше алмай жатыр. Яғни, бұл қалалардың мэрлері жұмысын біздің шенеуніктерден көрі жақсы атқарады деген сөз емес пе? Себебі, мен әлі күнге дейін өз бағдарламасымен келіп, халық үшін игі жұмыс істеген бір адамды көрмедім. Оларға Астананың атын ауыстыру немесе пайдасыз зәулім құрылыстарға біреудің атын беру сияқты жұмыстармен айналысқанша, халықты ойлау керек. Мен Таиландта бесінші жыл қатарынан жиынға бардым. Бұл жылдары нан, азық-түлік, бензиннің бағасы бір теңгеге де өзгерген жоқ. Бірақ сол елден мұнай да, алтын да таба алмайсыз. Біздің елде сағат сайын бәрі қымбаттап, туған-туыстарымыз жыл сайын біздің елден кетіп жатса, галстук таққан біреу миллиондап ұрлап, қашып кететін болса, бұл өзгерістердің не қажеті бар? Пайдасыз депуттар бізге не керек? Мен қарапайым спортшымын және бұл қиындықтарды көремін. Мен сағаттап айта аламын. Неге біздің шенеуніктер бұны көрмейді? Аз ғана халықтың жағдайын жақсарту тіпті де мүмкін емес пе? Мен бала күнімнен бір адамның көп нәрсені өзгерте алатынына сенгенмін. Әзірге мен ол адамды көріп тұрған жоқпын. Маған біреу келіп, сөздерімнің дұрыс емес екенін айтса, ертең-ақ өзімді өлтіремін!»— деп жазды Хамитов, Раудың жұмысқа тағайындалғаны жайлы суретті қойып.

Еще один депутат! Кто нибудь объяснить мне, по каким заслугам становятся депутатами!? Что они сделали такого, чтобы за один день сделали их депутатами. Мы же все прекрасно понимаем, что эти депутаты ничего полезного не сделают для народа. Это все равно что стать чемпионом за один день, не побывав в зале даже один раз! У нас в стране всего 16 млн человек и это пол населения Москвы, это пол населения Шанхая. И каждый раз у них новые проблемы, которую не могут решить толпами! Получается мэры этих городов, делают свою работу лучше и умнее, чем все наши чиновники вместе взятые! Потому что я еще не увидел ни одного конкретного человека, который пришёл бы на пост с программой и делал бы что то полезное для народа! Им нужно больше думать о народе, а не заниматься тупой темой как переименовать Астану и как назвать эти бесполезные здания чьим то именем! Я уже пятый год провожу сборы в Таиланде и поверьте мне, за эти годы цены на хлеб, на продукты и на бензин не изменились даже на один тенге! Хоть у этой страны нет ни нефти, ни золото... Так если в нашей стране с каждым годом все хуже и все дорожает по часам и с каждым годом нашу страну покидают тысячами наши родственники, каждый раз кто то в голстуке ворует миллионами и убегает за рубеж, то тогда к чему эти перестановки!? Зачем и кому нужны эти толпы бесполезных депутатов и т.п. Зачем. Я обычный спортсмен и вижу эти проблемы и могу перечислять их часами, так почему слепые эти люди... Неужели невозможно улучшить жизни маленького народа? Я с детства всегда верил, что один человек способен изменить многое. Но пока я не вижу этого человека! И пусть мне кто нибудь скажет , что я не прав, то тогда я завтра же убью себя сам!

Публикация от ★★★NAIMAN★★★ (@kuat__khamitov)


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер