Хоккей

«Барыс» Гагарин кубогымен қош айтысуға жақын

«Барыс» Гагарин кубогымен қош айтысуға жақын
news-banner7
mobile-news-top

Эдуард Занковецтің командасы өз мұз айдынында «Металлургтан» айласын асыра алмады.

Тартысты өрбіген ойында ресейлік ұжым 5:3 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапында Дастин Бойд хет-трик жасаса, магнитогорстік командада Зарипов үш шайба және Мозякин мен Коварж бір-бір голдан соқты.

Осылайша, елордалық клуб қатарынан үшінші рет «Металлургтан» жеңіліп, Гагарин кубогымен қош айтысуға жақын тұр.

ҚХЛ, 1/4 финал, 3-ші матч

«Барыс» 3:5 (0:0, 0:2, 3:3) «Металлург» Магнитогорск

Шайбалар:

0:1 — 27:34 Зарипов (Береглазов, Мозякин)

0:2 — 37:26 Зарипов (Коварж)

1:2 — 41:01 Бойд (Сен-Пьер, Боченски)

1:3 — 47:38 Мозякин (Коварж)

1:4 — 53:22 Коварж (Мозякин)

1:5 — 55:47 Зарипов (Платонов)

2:5 — 58:27 Бойд (Боченски)

3:5 — 59:15 Бойд (Сен-Пьер, Даллмэн)

Сериядағы есеп – 0:3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер