Күрес

Дзюдо. Бозбаев «Grand Slam» турнирінде «алтын» алды

Дзюдо. Бозбаев «Grand Slam» турнирінде «алтын» алды
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Бакуде өтіп жатқан Grand slam турнирінде 90 келіге дейінгі салмақтағылардың арасында «алтын» алды, деп хабарлайды prosports.kz.
Жартылай финалда қазақстандық күрес шебері әзербайжандық палуан Турал Сафгулиевтің жауырынын жер иіскетті. Финалда турнир қожайыны Маммадали Мехдиевпен кездесіп, вазари әдісімен екі ұпай алып, «Grand Slam» турнирінің тарихында алтын медаль жеңіп алған төртінші дзюдошы болып отыр. Белдесулерді көрермендер «Kazsport» телеарнасынан тамашалай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер