Жекпе-жек
Бокс

Головкиннің соңғы жеңілісі +Видео

Головкиннің соңғы жеңілісі +Видео
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы соңғы рет он үш жыл бұрын жеңілді.

2004-ші жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарының финалында Геннадий Головкин ресейлік былғары қолғап шебері Гайдарбек Гайдарбековпен кездескен болатын. Тартысты өрбіген жекпе-жекте жерлесіміз 18:28 есебімен жеңіліс тапты. Көптеген бокс мамандарының айтуынша, бұл кездесуде жеңіске Головкин лайықты болды.

Артынша, Гена кәсіпқой боксқа ауысып, орта салмақтың нағыз «патшасына» айналады. Қазірдің өзінде «Трипл Джи» 36 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бұған қоса ешқашан нокаут тұрмақ, нокдаунда болмаған.

Отандасымыз ары қарай да бұл дәстүрін жалғастырып, бізді жарқын жеңістерімен қуантады деген үміттеміз. Биыл Головкинге абсолютті чемпион атануын тілейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер