Футзал

«Қайрат» әлемнің үздік клубына үміткерлер қатарында

«Қайрат»  әлемнің үздік клубына үміткерлер қатарында
news-banner7
mobile-news-top

Futsalplanet.com порталы футзалдан 2016-шы жылдың үздік клубына үміткерлердің тізімін жариялады. Үміткерлер арасында Алматының «Қайрат» футзал клубы да бар.

Естеріңізге салсақ, алматылық «Қайрат» футзал клубы өткен жылы Қазақстан чемпионаты мен Еременко кубогында жеңіске жеткен.

9abf3982fec5cb21edf63471d8afe497.jpg

Үміткерлердің толық тізімі:
«Баратейро» (Бразилия, әйелдер командасы)
«Серро Портеньо» (Парагвай)
«Коринтианс» (Бразилия)
«Газпром-Югра» (Ресей)
«Қайрат» (Қазақстан)
«Магнус» (Бразилия)
«НАФИТ Аль-Васат» (Ирак)
«Нагоя» (Жапония)
«Интер Мовистар» (Испания)
«Спортинг» (Португалия)

Сонымен қатар, үлкен беделге ие Futsalplanet.com порталы «Қайраттың» бапкері Какауды «клубтың үздік бапкері» және «ұлттық құраманың үздік бапкері» номинацияларына үміткерлер қатарына қосты. Ал Қазақстан құрамасының ойыншысы Игита «әлемнің үздік қақпашысы» атануға үмітті. Футзалдан Қазақстан құрамасы болса «Жыл командасы» атағына таласатын командалар қатарында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер