Жекпе-жек
Бокс

Головкин Канело - Чавес жекпе-жегінде кімге жанкүйер болатынын айтты

Головкин Канело - Чавес жекпе-жегінде кімге жанкүйер болатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Альварес-Чавес кездесуінде кім жеңіске жететінін айтып берді.

- Бұл жекпе-жекте нақты фаворит жоқ. Менің ойымша, екеуінің де жеңіске жету мүмкіндігі 50/50. Өзбасым Чавестің жеңіске жетуін қалаймын. Себебі, Альварес көп сөйлейді және менімен жекпе-жектен қашып жүр. Негізі Альварес 74 келіде бұрынғыдан да мықты болуы мүмкін. Чавес керісінше салмақ тастаған соң әлсіреп қалуы ықтимал. Хулионың жеңісін тілегенімен Альварес ұпай шешімімен ұтатын сияқты, - деді Головкин мексикалық басылымдарға берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, Сауль Альварес пен Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек мамыр айында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер