МӘССАҒАН
Басқа

Путин ресейлік спортшылар допинг қолданғанын мойындады

Путин ресейлік спортшылар допинг қолданғанын мойындады
news-banner7
mobile-news-top

Ресей билігі допингпен күреске қыруар қаржы бөлді.

Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің тәуелсіз комиссиясы 2015 жылдың 9 қарашасында Ресейдің жеңіл атлетика федерациясының әрекетері туралы тергеу нәтижесін жариялаған. Мәскеудегі РУСАДА деп аталатын допингке қарсы зертхана тиым салынған дәрілерді жасырудың жүйесімен жұмыс істеп келгені әшкереленді. Артынша, WADA РУСАДА-ның аккредитациясын тоқтатты. Допинг дауына іліккен ресейлік жеңіл атлеттер мен паралимпиадашылар халықаралық жарыстардан шеттетілді.

Жақында Ресей президенті Владимир Путин келтірілген деректердің шынайылығына көз жеткізіп, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің мәлімдемесіне құлақ асуға шақырды. Ал, 7 наурызда Ресей үкіметі допингпен күреске 1,6 миллиард рубль бөлді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер