Жекпе-жек
Бокс

Головкиннің жалғыз нокдауны +Видео

Головкиннің жалғыз нокдауны +Видео
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин - соққыны жақсы ұстай алатын боксшылардың бірі.

Әуесқой (350 кездесу) мен кәсіпқой (36 кездесу) бокста жерлесіміз ешқашан нокаутта болмаған. Ал нокдаун бір рет тіркелді.

2003-ші жылы Таиландта отандасымыз әлем чемпионатының ширек финалында румыниялық Лучиана Бутемен жұдырықтасқан болатын. Үшінші раундта румыниялық боксшы Головкинді қыспаққа алып, бірнеше жойқын соққы бағыттайды. Сол сәтте төреші Геннадийге нокдаун есептейді, есесіне келесі раундта Гена өз қарсыласын нокаутқа түсіреді. Кейін қазақстандық боксшы жартылай финалда кубалық Йортикос Деспагнонды, ал финалда украиналық Алексей Машкинді жеңіп, өз мансабында тұңғыш рет әуесқой бокстан әлем чемпионы атанады.

Ал кәсіпқой бокста Головкин қатарынан он бір жыл бойы ешкімнен ұтылмай келеді. Нокаут тұрмақ, нокдаунда болмаған. «Трипл Джидің» соққыларды жақсы «ұстайтынын» талай бокс мамандары мойындауда. Ендеше Гена батырымызға алдағы Джейкобсқа қарсы жекпе-жегінде жеңіс тілейік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер