WSOF ұйымы Арман Оспановпен келісімшартын үзді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызWSOF біріншілігі өзінің 35-ші турнирінде өнер көрсететін файтерлердің тізімін шығарды.
Өкінішке орай, Арман Оспанов бұл «fightcard»-қа енбей қалды. Себебін WSOF басшысы Рей Сефо Insta-парақшасында жариялады.
«Менің назарыма Арман Оспановтың бұдан 1 жыл бұрын допингпен ұсталғаны туралы ақпарат жеткізілді. Арман 4 жылға спорттан шеттетілген, сол себептен онымен келісімшартымызды бұзуға тура келді», - деп жазды Рей Сефо.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың қараша айында Арман Оспанов Марокко елінде өткен əскери самбодан əлем біріншілігін қатарынан үшінші рет ұтты. 2016 жылдың жазында FIAS анти-допинг агенттігі Арманның қанында допинг табылғанын жариялап, жауынгерімізді спорттан 4 жылға (2019 жылдың 4 желтоқсанына дейін) шеттетті.