Жекпе-жек
Басқа

Вудли чемпиондық атағын сәтті қорғаса, Оверим Хантты «талдырды»

Вудли чемпиондық атағын сәтті қорғаса, Оверим Хантты «талдырды»
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Лас-Вегас қаласында ММА жанкүйерлері асыға күткен UFC 209 турнирі аяқталды.

Жарыстың басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінде UFC чемпионы америкалық Тайрон Вудли отандасы Стивен Томпсонмен қарымта кездесу өткізді. Тартысты өрбіген жекпе-жек чемпионның пайдасына шешілді. Бес раундтың қорытындысы бойынша Тайрон сәл басымдықпен жеңіске жетті.

Ал соңғы жекпе-жегінде қарсыласын әдемі нокаутпен ұтқан Ландо Ванната швециялық қарсыласы Дэвид Теймурді жеңе алмады. Бұл кездесу де төрешілердің шешіміне дейін жетіп, Теймурдің жеңісімен аяқталды.

Ал кәрі «қасқыр» Рашад Эванс Дэн Келлиден айласын асыра алмады. Төрешілер үш раундтың қорытындысы бойынша жеңісті аустралиялық файтерге берді.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде екі тәжірибелі файтер өзара мықтыны анықтады. Голландиялық Алистар Оверим самоалық Марк Хантпен күш сынасып, қарсыласын үшінші раундта ауыр соққымен «ұйықтатты».

Айта кетер жайт, бұл турнирде ресейлік Хабиб Нурмагомедов өнер көрсетуі тиіс еді. Бірақ денсаулығына байланысты ресейлік файтер америкалық Тони Фергюсонмен жұдырықтаса алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер