Футзал

Қайрат Боранбаев: Барлық жанкүйерлерді «Қайратты» қолдауға шақырамын

Қайрат Боранбаев: Барлық жанкүйерлерді «Қайратты»  қолдауға шақырамын
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан УЕФА кубогы Төрттік финалының елшісі Қайрат Боранбаев prosports.kz сайтына берген сұхбатында Алматыда өткен жеребе тарту рәсімі жайлы айтып берді.

- Сіз үшін футзалдан УЕФА кубогы Төрттік финалының елшісі болу нені білдіреді?

- Бұл мен үшін үлкен құрмет. УЕФА мен «Қайрат» футзал клубына осындай мүмкіндік сыйлағандары үшін алғыс айтқым келеді. Ал дәл осы іс - шараның Алматыда, Орталық стадионда өткені екі есе қуаныш сыйлады.

- Сіздің ойыңызша «Қайратқа» жеребе сәтті болды ма?

- Менің ойымша, иә. Себебі жеребеден соң «Қайраттың» президенті Қайрат Оразбеков маған алғыс айтып, жеребенің сәтті болғанын мәлімдеді.

- Жеребеден соң сіз Какаудан кешірім сұрадыңыз. «Қайратқа» мықты қарсылас түскен соң солай жасадыңыз ба?

- Біз Какау екеуміз бұл жөнінде көп қалжыңдастық. Шын мәнінде ол «Қайрат» қай қарсыласпен кездессе де, айырмашылық жоқ деп есептейді. Әрине, біз «Қайрат» «Алматы Аренада» финалға шығып, УЕФА кубогында кезекті жүлдесіне қол жеткізеді деп үміттенеміз. Мүмкіндікті пайдаланып, барлық жанкүйерлерді «Қайратқа» қолдау көрсетуге шақырамын.

e50543e5257e3fbde0287094f8aef6f8.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер