Жекпе-жек
Бокс

Головкин: Альварес пен Сондерс менімен жұдырықтасуға дайын

 Головкин: Альварес пен Сондерс менімен жұдырықтасуға дайын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық басылымдарына берген сұхбатында биыл үлкен кездесулер өткізуге ниетті екенін айтты.

- Былтыр бос әңгіме көп болды. Крис Юбенк, Карл Фроч, Сауль Альварес, Билли Джо Сондерс... «Канело» тіпті чемпиондық белбеуін жекпе-жексіз бере салды. Мұны қалай түсінуге болады? Биыл бәрі жақсы болады деген ойдамын. «Голден Бой» Альвареске қарсы кездесу қыркүйек айында өтеді деп уәде берді. Альварес менімен жұдырықтасуға дайын екен. Сонымен қатар, Сондерс те чемпиондық белбеулерді біріктіргісі келетінін жеткізді. 2017-ші жыл мен үшін табысты болмақ, - деді «Трипл Джи» ucnlive.com сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин наурыздың 19-ы Нью-Йорк қаласында америкалық былғары қолғап шебері Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер