Күрес

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы жасақталды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы жасақталды
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

875e36cfd053916f8a525284f08c495a.jpg

Ең жеңіл салмақта (59 келі) фаворит саналған ақтөбелік балуан Мейрамбек Айнағұлов өз жанкүйерлері мен демеушісінің үмітін ақтады. Финалдық кездесуде Мейрамбек жастар құрамасының мүшесі Айдос Сұлтанғалиден айласын асырды. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумасы, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев 66 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Демеу Жадыраев және Асхат Жаңбыров сынды күрес шеберлері өнер көрсеткен 71 келі салмақ дәрежесінде жастар арасындағы Азия чемпионы Әбунасыр Өмірзақ ел чемпионы атанды.
75 келі салмақта күрес мамандары Тамерлан Шадукаевты фаворит санаған. Алайда, Мақсат Ережепов мамандардың болжамын жоққа шығарды. Атыраудың атынан шыққан Мақсат қарсылас шақ келтірмей, өз салмағында көш бастады.
80 келі салмақта алматылық балуандарға тең келер ешкім болмады. Финалда Алматы қаласының атынан шыққан Даниял Гаджиев пен Дәулет Жақсылықов өзара белдесіп, сәл ғана басымдықпен Гаджиев жеңіске жетті. Бұл салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Досжан Картиков та күрескен еді. Досжан бұған дейін 75 келі салмақтың көшбасшысы болып келсе, енді 80 келіге ауысты. Жартылай финалға дейін еркін жетті. Финалдық жолдамаға тартыста Даниял Гаджиев сәл ғана басымдық танытты. Ал, қола медаль үшін болған белдесуде Досжан Сұлтанбек Шалабаевтан (Астана қ.) басым түсті.
Аса ауыр салмақта «қазақтың батыры» Дамир Күзембаев даңқты балуан Нұрмахан Тыналиевтен айласын асырып, көптен күткен жеңісіне қол жеткізді.
Грек-рим күресіндегі соңғы финалдық белдесу 85 келі салмақта өтті. Мұнда Астана қаласының балуаны Азамат Құстыбаевтың мерейі үстем болды. Азамат финалда Алматы облысынан келген Нұрсұлтан Октябрдың осал тұсын тапты.
Грек-рим күресінің нәтижелері:

59 кг.
1. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)
2. Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы)
3. Жансерік Сәрсенбиев (Жамбыл облысы)
4. Дамир Зарлыханов (Ақмола облысы)

27f6b1b8e441f6c8aa80813b12b1acba.jpg

66 кг.

1. Алмат Кебісбаев (Астана қ.);
2. Айдос Сүлеймен (Қызылорда обл.);
3. Данияр Каленов (СҚО);
3. Әділхан Сатоев (ОҚО);

cba777cce71e14ac73b24d72211a6964.jpg

71кг.
1. Әбунасыр Өмірзақ (Жамбыл облысы)
2. Демеу Жадыраев (Алматы облысы)
3. Айдос Мұқан (Қызылорда облысы)
4. Магомед Чухалов (ОҚО)

8901d3cbf61903c9db193014ade5ebfc.jpg

75кг.
1. Мақсат Ережепов (Атырау)
2. Тамерлан Шадукаев (Қостанай)
3. Айбек Еңсеханов (ШҚО)
3. Дархан Баяхметов (ШҚО)

03085284013c958f31dccde9c97fa858.jpg

80 кг.
1. Даниял Гаджиев (Алматы қ.);
2. Даулет Жақсылықов (Алматы қ.);
3. Досжан Картиков (Астана қ.);
3. Константин Степанов (Ақмола обл.);

5d1afee63617ca54c9efa3121c2d73a3.jpg

85 кг.
1. Азамат Құстыбаев (Астана қ.);
2. Нұрсұлтан Октябрь (Алматы обл.);
3. Агит Сүлейменов (ОҚО);
3. Санжар Темірбек (Алматы обл.)

e4b5e2bea60a523cf1211a77b71dee29.jpg

98кг.
1.Әлімжан Сыздықов (ОҚО)
2. Жасұлан Сыдықов (Алматы облысы)
3.Еркін Шайкенов (Қарағанды)
3 Ерұлан Искаков (Қарағанды)

2e845666b9267b3e7b8b5896c7d7ab29.jpg

130 кг.
1. Дамир Күзембаев (ОҚО)
2. Нұрмахан Тыналиев (Алматы облысы)
3. Мансур Шадукаев (Қостанай)
3. Талғат Жиентаев (Қостанай)

5c71c19be2136b979f630957b77066f2.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер