Criminals
Күрес

Шынкеев Рио Олимпиадасының чемпионын ұтты

Шынкеев Рио Олимпиадасының чемпионын ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық балуан Ержан Шынкеев дзюдодан Дюссельдорфта өткен Гран-при сериясында қола жүлдегер атанды.

Ержан әлем және Олимпиада чемпионы, чехиялық Лукаш Крпалектен басым түсті.

Аса ауыр салмақта белдескен Ержан Шынкеев Германиядағы турнирде Бразилия және Грузия балуандарын жеңді. Алайда, үшінші белдесуде жапониялық балуанға жеңіліп, жұбаныш белдесуінде бақ сынады.

Жұбаныш белдесуінде Шынкеев украиналық балуанды ұтып, қола жүлде үшін 2015 жылғы әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы Лукаш Крпалекпен күш сынады.

Ержан мен Крпалек арасындағы тартысты белдесуде «юко» ұпайын алған жерлесіміз жеңіске жетті. Ержан Шынкеев өзінің намысы бар балуан екенін тағы бір дәлелдеді.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасында отандасымыз Максим Раков дәл осы Лукаш Крпалектен ұтылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер