Қысқы

Универсиадаға 58 миллион 200 мың теңге, ал Азия ойындары үшін ше?

Универсиадаға 58 миллион 200 мың теңге, ал Азия ойындары үшін ше?
news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Саппоро қаласында өткен VIII қысқы Азия ойындарының чемпиондары мен жеңімпаздары қанша сыйақы алатыны анықталды.

Халықаралық аренада Қазақстан намысын биіктен көрсеткен спортшыларымызға ақшалай сыйақы беру спорт заңында белгіленген. Ол ҚР 2014 жылдың 19 желтоқсанындағы №1435-інші Жарлығына сәйкес, Азия ойындарында жеңімпаз атанған спортшыға - 10 мың, күміс жүлдегерге - 5 мың, ал қола медаль алғандарға 3 мың АҚШ доллары берілетіні көрсетілген. Жапонияның Саппоро қаласында өткен VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 32 жүлдеге - 9 алтынға, 11 күміс және 12 қолаға ие болды.
Медальдар санына қарап, қай спортшы қанша сыйақы алатынын есептей беруге болады. Командалық ойындар мен эстафетаға қатысушыларға да осындай сомма жеке-жеке төленеді. Осылайша, хоккейден Қазақстан құрамасының 22 ойыншысы бірінші орын үшін әрқайсысы 10 мың доллардан алады. Ал бапкерлер Универсиада мен Олимпиадаға қарағанда Азия ойындарында спортшылардан азырақ сыйақы алады. Алтын жүлде үшін бапкер - 5 мың, күміске - 3 мың, ал қола үшін 2 мың АҚШ долларына ие болады. Қорытындылай келсек, Азиада-2017 сайыстарында жүлде алған спортшылар мен бапкерлерге мемлекет 693 мың доллар немесе 215 миллион 523 теңге жұмсайды. Сыйақы республикалық бюджеттен төленеді.
Айта кетейік, Универсиада-2017 сайыстарында спортшылар мен бапкерлерге 458 миллион 200 мың теңге, Олимпиада-2016 үшін 1 миллиард 551 мың 420 теңге төленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер