Теннис

Александр Бублик - Мексикадағы «Челленджердің» жеңімпазы

Александр Бублик - Мексикадағы «Челленджердің» жеңімпазы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексиканың Морелос қаласында өткен Challenger сериясындағы турнирдың жеңімпазы атанды. Турнирдың сыйақы қоры 50 мың долларды құрайды.

Финалда Александр чилилік Николас Джарриді 7:6, 6:4 есебімен ұтып кетті.

Жеңіске дейінгі жолда Бублик аргентиналық Хуан Пабло Пазды 6:4, 6:7, 6:1, доминикандық Хосе Фернандесті 4:6, 6:4, 6:2, ширек және жартылай финалда қос колумбиялық теннисші – Алехандро Гомес 6:4, 6:4 пен Эдуардо Струвэяны 6:4, 6:4 қапы қалдырған.

Бұл жеңіс Александрға АТР рейтингісінде 80 ұпай әкелді және 7200 доллар сыйақыға ие болды.

Бублик Қазақстан атынан осы жылдың басынан жарысқа түсті. Қазіргі күні ол рейтингіде 169-шы орында келеді. Ал осы турнирдағы жеңісінен кейін теннисші үздік жүздіктің қатарынан табылуы ғажап емес.

АТР Challenger турниры. Морелос. Мексика. Финал

26 ақпан

Александр Бублик (Қазақстан) - Николас Джарри (Чили) 7:6, 6:4

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер