Қазақстан және әлем спорты
Бокс

Батыр Жүкембаев ТОП-50 боксшымен жұдырықтасады

Батыр Жүкембаев ТОП-50 боксшымен жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО) өзінің келесі жекпе-жегін сәуір айында өткізеді. Қазірше нақты уақыты мен қарсыласының есімі белгісіз. Бұл туралы Батыр Жүкембаевтың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

«Командамызбен ақылдаса келе 11-наурыздағы Лемье-Стивенс андеркартында жекпе-жек өткізбейтін болдық. Алла қаласа сәуір айында шаршы алаңға оралып, жанкүйерлеріме өте тартысты жекпе-жек сыйлау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жолғы кездесуім ерекше болмақ. ТОП-50 боксшының бірі мені қарсыласым атанып қалуы мүмкін. Қазірше келіссөздер жүріп жатыр. Жақын күндері жекпе-жек уақыты мен қарсыласымның есімі белгілі болады», - дейді Батыр Жүкембаев.

Бұған дейін менеджер Анна Рева хабарлағандай, Батыр Жүкембаев немесе Абылайхан Хусаинов 11-наурыз күні АҚШ-та өтетін Давид Лемье мен Кертис Стивенс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек болатын.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы кездесуін 29-қаңтарда өткізіп, мексикалық қарсыласы Давид Ранхельді 1 раундта-ақ нокаутқа жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер