Бокс

Елеусінов: «АҚШ-қа отбасымды алып кетемін»

Елеусінов: «АҚШ-қа отбасымды алып кетемін»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та жекпе-жегіне дайындық жүргізбек. Отандық БАҚ-тардың біріне берген сұқбатында боксшы жоспарымен бөлісті.

-Әзірге нақты ештеңе белгісіз. Наурыз айының басы немесе ақпан айының соңы болу керек. Ағам Дәурен Елеусінов жəне әкеммен бірге жаттығатыным ғана белгілі, - деді боксшы.

- Сізді Дерек Сантос жаттықтырмақ. Ол туралы не ойлайсыз?

- Ол Олимпиада алдында мені жаттықтырған. Деректің қалай жаттықтыратынын және жігіттермен қарым-қатынасының қандай екенін көрдім. Өте жақсы бапкер, тамаша адам. Онымен жұмыс істеу ыңғайлы.

- Үйден жырақ кететініңізді естігенде жақындарыңыз қалай қабылдады?

- Мен туыстарымның бәрін өзіммен алып кетемін. Қасымда болады.

- АҚШ-та тұру жоспарда бар ма?

- Мен ол жерде жаттығамын. Әрине, жекпе-жектерден кейін Қазақстанға келіп тұрамын. Бірақ, көбіне сол жақта боламын.

Айта кетейік, 25 жастағы Елеусінов 2016 жылдың тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың чемпионы (69 келі салмақта) болды. Оның әкесі Марат Елеусінов кәсіпқой бокста да жаттықтырушысы болады.

Даниярдың жаттығу лагері Флоридада. Оны америкалық мамандар да жаттықтырмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер