Басқа

Қазіргі таңда ақшаны тиімді пайдалану керек – Жақсылық Үшкемпіров

Қазіргі таңда ақшаны тиімді пайдалану керек – Жақсылық Үшкемпіров
news-banner7
mobile-news-top
«Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына түскен. Аталған заң жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» шеңберінде дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтыру – сауықтыру объектілерін салу бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатына негізделген. Осы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров өз ойымен бөлісті.

«Қазіргі таңда ақшаны тиімді пайдалану керек. Себебі, үкімен ақшаны спортқа өте көп бөліп жатыр. Оның барлығы дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін екені анық. Себебі, дені сау ұрпақ - болашақтың кепілі. Өзге де Олимпиада жарыстарында жеткіншектеріміз жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Спортта ғана емес, математика, физика, химия жарыстары болса да, қазаққа тең келетін ұлт жоқ. Шахматтан да қазақ ең мықты халық екенін дәлелдеп үлгерді», –дейді Ж.Үшкеміров.

Чемпионның айтуынша, спорттан білімің болмаса, Олимпиада ойындарында мықтыларды жеңе алмайсың. Сол үшін спортқа бөлініп жатқан қыруар қаржыны тек бір спорт түріне ғана арнауға болмайды.

«Мысалы бір облыстың бюджетіне 5 миллиард теңге бөлінді деп есептейік. Міне, осы 5 миллиардтың 3 миллиардын тек қана футболға бөлетін жағдайлар жиі кездеседі. Бұл дұрыс емес. Қаржыны бөлгенде барлық спорт түрлері ескерілу керек. Көп жағдайда қазақтың ұлттық спорт түрлеріне қаржы жетіспей жатады. Осыны да ойлауымыз керек», – деп қосты Олимпиада жеңімпазы.
Baq.kz сайтынан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер