Айнұр Керей: «Азиадада маған бос қорап берілді»

Айнұр Керей: «Азиадада маған бос қорап берілді»
news-banner7
mobile-news-top

Синхронды жүзуден ұлттық құраманың бұрынғы мүшелері Әйгерім Жексембинова, Айсұлу Наурызбаева, Әйгерім Исаева, Амина Ермаханова мен Айнұр Керей-Баймаханова prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп командадағы «сұмдық» оқиғалар туралы айтты.

«Неге сендерде бұл киімдер бар, бізде жоқ?»

Әйгерім Исаева:
- 9 жастан синхронды жүзумен айналысып келем. Менің алғашқы ірі жарысым 2006 жылғы – Азия ойындары. Ол кезде 4-ші орын алдық, содан бастап шығынға баттық. Суда жүзуге арналған киімді өзіміз тіктіріп, сақтандыру мен визаға әр жарыс сайын ақша шығардық. Жас болғандықтан көп нәрсені түсінбедік, жарысқа бару шарттары солай екен деп ойладық. Бізге сырт киімді де бермеді. Бізбен қатар жүретін су добы құрамасы шырттай киінгенде таң қалатынбыз: «Неге сендерде бұл киімдер бар, бізде жоқ». Бәрін түгелдей өз ақшамызға алдық деп айта алмаймын, бірақ, мәселен 2013 жылы Барселонаға кетерде арнайы киімді жеке қаражатқа тіктірдік. Әрбір купальниктің бағасы кемінде 400-450 доллар.


Қазіргі кішкентайлар (жасөспірімдер), қалтадан ақша шығарып жатқан жоқ, біздің кезде басқаша еді. Яғни, тамаққа, жолға, жатар орындарға шығындалдық. Мынандай қызықтар да болған, 10 адам болып жарысқа бара жатамыз, бірақ бүтін вагонға төленіп қойған, купелер бос болды. «Неге олар бос?», - деп сұрағанымда, олардың «жоқ» қыздарға алынғанын білдім. Себебі, әр билет спортшылардың жиынға қатысқанын білдіреді. Бірақ ол адам жиында болмаған, ал, тізімде бар. Біз тамақтанғанымыз үшін қол қоямыз. Астанадағы жиында тамағымыз онша болмады. Жиынға қанша ақша бергенін білмейміз, бірақ тамаққа одан аз жұмсалғанына күмәнім жоқ. Мен спортшыларға күніне 1000 теңгеден береді деп ойламаймын.


Бәрін Жанна Геннадиевна Демченко басқарады. Қаржылық мәселе бойынша толықтай өзі қожа. Ұлттық шттаттық командалар дирекциясы немесе Олимпиадалық дайындық орталығы ма, бізге ақшаны кім бөлгенін білмедік. Біз сұрағанымызда, «білмейміз», - деп жауап беретін. Көп сұрақ қойған сайын, шеттете бастайды. «Кетіңдер», «Көп сұрақ қоюдың қажеті жоқ» деп айтатын. Яғни, біздегі ақша бөлмеу, толық бермеу, бөлісу қалыпты жағдай болатын. Топқа үнемі бір қыздарды қосатын... Нәтижені жақсарту үшін басқа қызды таппай, оның орнына өзіне пайдалы, өзіне ұнайтын қызды «тығатын». Соңғы қалғандары біз шығармыз. «Жанна Геннадиевна, неге бізге жалақы бермейді? Неге арнайы киім мен сақтандыруға біз өзіміз төлейміз?», - деп үнемі сұрайтынбыз. Ол: «Бұл сұрақтарды маған қоймаңдар. Мен білмеймін»,- деп жауап берді. Содан кейін біз Әлия Каримованың (бапкер) жұмысына көңіліміз толмайтынын айттық. Олар бізбен жарысқа келеді, басқа елдерді көреді, ал біздің жаттығу жүйеміз өзгереді. Сонда тек қаржылық жағынан емес, кәсібилігіне де көңіліміз толмайды. Бапкерлер өзін сарпып қана қоймады. Оларға енді бұл қызық та емес.

«Тек бір рет 10 немесе 20 доллар алдық»

Әйгерім Жексембинова:
- Қаржылық жағынан біздің қоятын сұрағымыз көбірек. Мен, Амина және тағы екі қыз Астана атынан жарысқа түстік. Қалғаны Қарағанды, Алматы т.б қалалар үшін сынға түсті. Біз екеуміз (Ермахановамен) Астанадан жалақы да, Азия ойындары үшін сыйақы да алмадық. Осы мәселе бойынша да ол: «Бұл менің мәлесем емес. Қажет болса, басшылықпен шешіңдер», - деп айтқан еді. Кім қай қаланың атынан шықса, сол қаладан жалақы алуы тиіс болып шықты. Мысалы, жиын Олимпиадалық дайындық орталығының есебінен өтсе де, біз сол үшін ақша алуымыз тиіс еді.

«Оны өзімізге тартайық, ата-анасында ақша бар. Мүмкін олар бізге демеуші болады»

Әйгерім Исаева:
- Әлия Каримованың спорттық білімі бар. Ал, Демченконың білімі бар деп айта алмаймын. Егер, ол қосымша білім алмаса, онда оның спорттық білімі жоқ екеніне сенімдімін.
Біз, әсіресе бала кезімізде, осы сөзді жиі еститінбіз: «Сендер менің есебімен тамақ ішіп жүрсіңдер. Мен өз қалтамнан төлеймін. Саған да, саған да. Сендер менің есебіменен тамақтанып жүрсіңдер».
Яғни, біз оның есебінен тамақтанатындай оның қаншалықты қаржылай мүмкіндігі болғанын білмеймін.
Бізде спортпен аса көп айналыспаған бапкерлер көп. Үш-төрт жылдан ғана. Арна Тоқтаған, Айнұр Керей бар кезде олар балаларға не бере алады? Артық сұрақ қоймай, ештеңе сұрамайтын және тыныш жүретін адамдарды ғана алады.
Бізде бай отбасынан келген бала келсе, оны бірден «тартуға» тырысады. Мен олардың ақша төлегенін немесе төлемегенін білмеймін. Бірақ, бізде: «Оны өздеріңе тартыңдар. Оның ата-анасында ақша бар. Мүмкін олар бізге демеуші болады», - деген сөздер жүрген.

Біз Ұлттық және штаттық командалар дирекциясының құрамында болған кезде, 2013 жылы, жалақы 75-80 мың теңгені құрады. Ал арнайы суға арналған киімдер 400 доллар тұратын. Сол кездің өзінде бұл өте қымбат еді.

«Бапкерге сыйлық алу керек. 10 мың теңгеден жинаймыз»

Әйгерім Жексембинова:
- Бізде бапкерге қымбат сыйлық сыйлау дәстүрге айналған. Біз Ұлттық және штаттық командалар дирекциясында тұрмаған кезімізде, жалақы алмаған уақытта, бапкерге гауһар сырға мен 250-300 мың теңгеге шаңсорғыш сыйлау үшін бізден 10 мың теңгеден жинайтын. Бапкерлер: «10-15 мыңнан жинап, бапкерге сыйлық алуымыз керек»,- деп айтатын. Ал,біз ондай ақшамыз жоқ екенін айтып, қарсылық көрсеткенімізде: «Сендер жалғыз бапкерлеріңе жылына бір рет сыйлық ала алмайсыңдар ма?», - деп айтатын. Осылай жыл сайын жалғасатын. Тіпті, осы күнге дейін жалғасып келеді. 2012 немесе 2013 жылы бізге ол кісінің компьютері жоқ екенін айтып, ескі компьютерінің орнына жаңасын сыйлаңдар деп айтқан кезде, біз өз атымыздан сыйлық жасаймыз деп айтқан болатынбыз. Біз оған гүл, торт алып, құттықтауға барған кезімізде, Каримова бізге ұзақ уақыт бойы ренжіп жүрді. Ұрыс шығарып, айқайға басқан болатын.

«Мен құжатқа қол қойдым, ал ол менің жалақымды алды»

Айнұр Керей:
- Қазақстанның ең үздік спортшысы Арна Тоқтаған мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құрамаға көмектесу үшін бапкерлік жұмысқа сұранған еді. Бұл - барлық елдерде бар тәжірейбе. Спортшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құрамаға көмектеседі. Әсіресе, ол өз елінің үздігі болса. Бірақ, оған Жанна Геннадиевна: «Әлия Каримова сенің көмегің керек емес деп айтты», - деп жауап берген. Оның орнына белгісіз біреулерді алады. Арна осыдан кейін спортқа қайта оралып, Демченко тартқандардан мықты екенін дәлелдеп, Ермаханова Аминамен бірге әлем чемпионатында оларды жеңген болатын.

Мен де мансабымды аяқтадым. Мені мансабымды аяқтауға мәжбүрледі. «Айнура, болды, жетеді енді», - деді. Мансабымды аяқтағаннан кейін, құрамаға көмектескім келді. Осы салада қалып, тек көмектескім келеді деп айттым. Бірақ Жанна Геннадиевна Арнаға айтқанын маған да қайталады. Менің орныма жоғары білімі толық емес қыздарды алды.

Спорттық мансабымыздың барысында біз ешқашан тәуліктік ақша алмадық және бұны қалыпты жағдай деп санадық. Жиынға барған кездері тамақтануымыз қажетті сметаға сәйкес болмады. Біз әр жарыста тәуліктік ақы, сыйақы алуымыз тиіс екенін жақында ғана білдім.
Мен Жанна Демченконың сұқбатын оқыдым. Ол біз жыл сайын спорттық киім алатынымызды айтыпты. Мен бұл сөзге таңғалдым. Себебі, біз әлем чемпионатынан кейін спорттық киімімізді сақтап жүрдік. Сол киіммен басқа жарыстарға қатыстық. Себебі, бізге неше жылдан кейін спорттық киім берілетіні белгісіз еді. Суға арналған киімді біз бірнеше рет біз өзіміз сатып алдық.

Дохадағы жарыста мен қосалқы құрамда болдым. Бірақ марапаттау кезінде мен де шығу керек едім. Бірақ маған:«Керек емес»,
- деп айтты. Содан кейін мен бос қорап алдым. Ішінде медаль жоқ еді. Жүлде қайда деп сұрадым. Олар маған: «Бұл – Жанна Геннадиевнаға естелік сыйлық», - деп жауап берді. Мен бұны қалыпты жағдай деп ойладым. Біздің командадағы осындай жағдайлар қалыпты жағдай ретінде қабылданатын. Менің кішкентай кезімде, 12 жасымда, мен ерте құрамаға іліндім, Жанна Геннадиевна құжатқа қол қойдырып, жалақымды алатын. Бұл 8 айға созылды. Олар: «Сен қажетті деңгейде жаттықпайсың. Ақша керек. Сенің ақшаңды синхронды жүзудің қажеттілігіне жұмсаймыз», - деп айтты.

Айсұлу Наурызбаева:
- Біз қосалқы құрамдағы спортшылардың медалін сыйға беретінбіз. Бұл да қалыпты жағдай ретінде қабылданатын. Мен бұны дұрыс па, жоқ па білмеймін. Мысалы, қосалқы құрамдағы қыз, біз оның медалін бас бапкерге сыйлауымыз керек немесе Каримоваға немесе Демченкоға. Бұл алғыстың орнына деп қабылданатын. Жарыстан кейін сыйлық беретінбіз.

Айнұр Керей:
- Бұл шын көңілден емес, бопсалау сияқты болатын. Мысалы, «Мынаны сыйлаңдар, оның қызына «айпад» керек», - деп айтатын.

Біз үшін бұл өкпе-реніш – бонус ретінде. Ал, негізгісі – қаржылық мәселе.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер