Дэниэл Джейкобс: «Головкиннен өлердей қорқамын»

Дэниэл Джейкобс: «Головкиннен өлердей қорқамын»

Орта салмақта WBA чемпионы, америкалық Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектен қатты қауіптеніп жүргенін мойындады.

«Әрине, бұл нағыз шың, менің мансабымдағы ең үлкен сынақ. Өлердей қорқып жүрмін. Неге қорықпаймын? Бұл сенің өміріңде болуы мүмкін ең үлкен сынақ. Менің қорқуым жаман белгі емес, себебі кез келген адамның, спортшының қорқынышы болуы керек, ол сені жаттығуға итермелейді. Бұл қорқыныш сен ойлағаннан да көп көмегін тигізе алады.

Иә, мен әлемдегі ең қорқақ адам ретінде жаттығып жатырмын. Бұл мені одан сайын аш қылады. Кейде қорыққан спортшы ең қауіптіге айналады деп жатады. Маған керегі де осы», - деді Джейкобс.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или