Велоспорт

Велотректен Азия чемпионатында қазақстандықтар екі күміс медаль алды

Велотректен Азия чемпионатында қазақстандықтар екі күміс медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Нью-Делиде (Индия) велотрек жарысы бойынша Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандықтар құрлықтық бәсекеде екі күмісті қоржынға салды, деп хабарлайды аstanaproteam.kz.

Артем Захаров 4 шақырым қашықтықта жекелей сында күміс медаль еншілесе, келесі күні Сұлтанмұрат Миралиевпен жұптық сында (мэдисон) екінші орын алды.

«Жалпы, біз жақсы жарыс көрсеттік. Белсенді болып, көп шабуылдадық. Бәрі жақсы өтті, бірақ кореялықтар қарымта шабуыл жасап, 20 ұпай алған кездер болды. Әрине, көңіліміз толмайды. Бірақ күміс медаль да жаман нәтиже емес. Бұл отанамыз - Қазақстан үшін алған медаль», - деді Артем Захаров.

Сонымен қатар, Азия чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері алдағы жоспарымен бөлісті:

- Шосселік маусымға дайындалып жүрміз. Команда көшбасшыларына көмектесіп, жеке нәтижемді де жақсартқым келеді. Осы жарыстан кейін он күндік жиын өткіземін. Содан кейін «Тур де Абу-Даби» көпкүндігінде бақ сынаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер