Теннис

Теннисші қыздарымыз Федерация кубогының плей-офф кезеңіне шықты

Теннисші қыздарымыз Федерация кубогының плей-офф кезеңіне шықты
news-banner7
mobile-news-top

Теннистен Федерация кубогы Азия/Тынық мұхит аралдары зонасының I тобында Қазақстан құрамасы Жапонияны жарыс жолынан шығарды.

Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Камила Керімбаева Астанада өткен іріктеу кезеңде жеңіске жетіп, 2013-ші жылғы ерлігін қайталады.

Топтық кезеңде отандастарымыз Оңтүстік Корея мен Таиланд құрамаларынан айласын асырды. Ал шешуші ойында Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесіп, тартысты айқаста 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, теннисші қыздарымыз Федерация кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Жерлестеріміз енді 2-ші Әлемдік топтың нәтижесін күтіп, жеребеден кейін өз қарсыласын анықтайды. Үздік 16 команданың қатарына кіретін жақсы мүмкіндігіз бар.

dd7b2ff13e241d4e4b904c116f9cefdc.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер