Теннис

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші қыздар Федерация кубогы бірінші тобының Азия және мұхит аймағының А тобында алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Федерация кубогының ресми сайты.

Теннистен Қазақстан құрамасы Астанада Оңтүстік Корея құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Жеке сайыста Галина Воскобоева екі сетте На-Лэ Ханды 7:5, 6:1 есебімен жеңсе, Ярослава Шведова екі сетта Су Джеонг Джангтан 5:7, 2:6 есебімен ұтылды. Кездесудің тағдыры жұптық сайыста шешілді. Воскобоева мен Шведова жұбы шешуші ойында На-лэ Хан мен Ким На Ри жұбын екі сетте 6:2, 6:4 есебімен ұтып, алғашқы жеңісімізді еншіледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Федерация кубогы аясында келесі кездесуін Таиланд құрамасына қарсы 10 ақпанда өткізеді.

Естеріңізге салайық, А тобыныңжеңімпазы В тобының жеңімпазымен кездеседі. В тобында Қытай, Жапония, Индия және Флиппин құрамалары жинақталған. Осы құрамалар арасында екінші Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер