Теннис

Қазақстандық теннисші Азияның бірінші ракеткасы

Қазақстандық теннисші Азияның бірінші ракеткасы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бүгін жарияланған WTA рейтингінде 34-орыннан 27-орынға көтеріліп, Азия теннисшілерінің ішінде бірінші болып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Путинцева кеше Санкт-Петербор турнирінің финалында Франция елінің өкілі Кристина Младеновичтен ұтылды. Жерлесіміз жарыстың финалына шыққаны үшін 70 мың АҚШ доллары мен қоса рейтингтік нәтижесін де біршама жақсартты.
Айта кетейік, жаңа рейтинг бойынша тағы бір жерлесіміз Ярослава Шведова 46-орынға тұрақтаса, Зарина Дияс 166-орында тұр. Әлемдік рейтингтің көшін АҚШ теннисшісі СеренаУильямс бастап тұрса, екінші орында германиялық Анжелика Кербер тұр. Үздік үшіткті Чехия спортшысы Каролина Плишкова қортындылап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер