Қазақстан және әлем спорты
Бокс

Мырзағали Айтжанов алдағы жарты жылдың жоспарын айтты

Мырзағали Айтжанов алдағы жарты жылдың жоспарын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Алматыдағы АИБА бокс академиясында өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, алдағы жарты жылдың жоспарын айтты.

6-20 ақпан аралығында Ұлттық құрама Алматыдағы АИБА бокс академиясында АҚШ және Германия құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Осы оқу-жаттығудан соң Ұлттық құраманың 7 боксшысы Болгариядағы турнирге аттанады. Олар: Ержан Жомарт (49 келі), Азамат Исақұлов (52 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі), Әділет Құрметов (60 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі).

Сондай-ақ, наурыз айында Германияның Галле қаласындағы және Финляндиядағы халықаралық турнирге қатысады. Финляндиядағы турнирге қатысатын боксшылар: Нұрбол Қалжанов (56 келі), Садриддин Ахмедов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі) және Нұрлан Сапарбай (+91 келі).

Ондан соң Әзірбайжандағы «Ұлы Жібек жолы» турниріне Асхат Жүсіпов (49 келі), Олжас Байниязов (52 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Аян Қалыбеков (64 келі), Илья Очкин (69 келі) және Бек Нұрмағанбет (75 келі).

3-9 сәуір аралығында Таиландтағы турнирге баратындар: Шалқар Айқынбай (49 келі), Азат Махметов (52 келі), Жанболат Қыдырбаев (56 келі), Сұлтан Зауырбек (60 келі), Ділмұрат Мижитов (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) және Ерік Әлжанов (75 келі).

Жылдың үшінші оқу-жаттығу жиынын боксшылар мамыр айының соңында Астана қаласында өткізеді. Маусым айының басында «Президент кубогын» және ауыр салмақтағылар арасында да «Президент кубогы» турнирін ұйымдастыру жоспарлануда.

Ары қарай Ұлттық құрама боксшылары Германияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалатын болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер