Қазақстан және әлем спорты
Бокс

Флойд Мейвезер: Мұхаммед Әли – аңыз, мен ең үздік боксшымын

Флойд Мейвезер: Мұхаммед Әли – аңыз, мен ең үздік боксшымын
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой бокстағы 19 жылдық мансабын тек жеңіспен аяқтаған америкалық боксшы Флойд Мейвезер жуырда жергілікті (АҚШ) журналистерге берген сұхбатында өзін әлемдегі ең мықты боксшы екенін, оған тең келетін боксшы жақын аралықта болмайтынын да болжап айтыпты. Тіпті өзін ақылды бизнесшілер қатарына да жатқызатынын да жасырмаған.

- Ең алдымен, мықты боксшы деген атақ пен бағаны беру үшін неге назар аудару керектігін анықтап алған жөн. Егер, адам құқықтары үшін күресу мәселесінен келетін болсақ, онда Мұхаммед Әли әлемде теңсіз. Ол осы істі істемегенде мен бүгінгі дәрежеме жете алмас едім деп ойлаймын. Бірақ, бокстағы нәтиже бойынша мен үздік екенімді жасырмаймын.

- Мұхаммед Әли бар-жоғы жеті кездесу өткізген боксшыға қарсы жекпе-жек өткізіп, чемпиондық белбеуінен айырылған. Ал, мен 49 жекпе-жектің барлығында қарсыластарымды ұрып жықтым. Жеңіске жету былай тұрсын, қарсыластарымның ешқайсысы маған өз соққыларын дарыта алмады. Қазіргі уақытта Мұхаммед Әли сияқты ринг шетінде тұрып алып, соққы қайтару қабілетін көрсетуден еш пайда жоқ. Мен қалыптастырған тәсіл ең аз соққы өткізіп, қарсыласқа көп соққы беру еді. Сондай-ақ, мен еш зиян шекпей, жарақат алмай өте үлкен сомада ақша таптым.

- Мен үшін 48-ші кездесуім карьерамдағы ең үздік жекпе-жегім болды. Мэнни Пакьяоға қарсы өткізген кездесу алдында бокс мамандары мен жанкүйерлер мені соққы жасамай қашып жүреді, ол ашық бокстан қорқады деген болатын. Ал, мен рингте Пакьяоны жеңіп, өзімнің мықты екенімді дәлелдедім. Айналдырған бір сағаттың ішінде 300 миллион доллар таптым. Бұл менің өте ақылды бизнесмен екенімді көрсетеді. Сонда да, мен Мұхаммед Әлиді құрметтеймін. Ол бокс аңызы, бірақ мен бәрібір одан күштімін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер