Футбол

«Палермо» клубының бас бапкері қызметінен кетті

news-banner7
mobile-news-top

«Палермо» клубының бас бапкері Эудженио Корини қызметінен кетті.

Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша оны клубтың президенті Маурицио Дзампарини қызметінен алып тастаған. Ал кейбір ақпарат таратушылар Эудженио Корини өз еркімен жұмыстан кетті деп хабарлауда. Бұл «Палермо» клубының маусым басынан бергі қызметінен кетіп отырған үшінші бапкері.

Эудженио Корини «Палермо» тізгінін қараша айының соңында ұстаған болатын.

«Палермо» Италияның А сериясында 21 турдан кейін 10 ұпаймен 19-шы орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер