Бокс

«Astana Arlans» жаңа маусымдағы құрамымен таныстырды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда «Astana Arlans» командасының жаңа маусымдағы құрамы таныстырылды, деп жазады «ҚазАқпатар».

Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымы мен екі дүркін WSB жеңімпазы — «Astana Arlans» командасының таныстырлуы өтті.

Жаңа маусым ақпанда басталады. Сәуір айында плей-оффқа жолдама алғандар анықталмақ. Ал, маусым айында финалдық кезедесу өткеді. Топтан ширек финалға екі жеңімпаз команда шықпақ. Сондай-ақ, үшінші орын алған клубтардың ішіндегі екі үздік команда да ширек финалда жұдырықтасу үшін жолдама алады.

«Astana Arlans» жаңа маусымдағы құрамымен таныстырды. Команда құрамы былтырғыдан едәуір қысқарған. Негізгі құрамға 20 боксшы ғана ілікті.

Команданың жаңа капитаны ретінде Олжас Сәттібаев таңдалды.

Сонымен қатар, жаңа маусымда Теміртас Жүсіпов, Ильияс Сүлейменов, Зәкір Сафиуллин секілді спортшылар құрамға енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер