Бокс

Ресейлік боксшы екі адамның өлімі үшін айыпталуда

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан екі дүркін Еуропа чемпионы Игорь Алборов екі адамды өлтірді деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды «Интерфакс».

«Владикавказ тұрғындары Игорь мен Алан Алборовтар екі адамды өлтіргені үшін айыпталып, екі айға қамауға алынды», - деді аймақтық тергеу бөлімінің өкілі Сергей Шуваев.

Айып тағылғаннан кейін, ағалы-інілі Алборовтар әкелі-балалы Гояевтерді кек қайтару мақсатында өлтіргендерін түсіндірді. Олардың Оңтүстік Осетиядағы туысын өлтіргені үшін кек қайтарғандарын алға тартқан.

Естеріңізге сала кетейін, 30 жастағы Алан Гояев пен 70 жастағы әкесі Алексадр Гояев өткен жылдың қараша айында өлтірілген. Гояевтер көптеген пышақ жарақатынан қаза болғаны анықталды. Олардың денелері тұрғылықты жерінен табылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер