Футбол

«Ордабасы» футболшылары Байсейітовті қолдады

«Ордабасы» футболшылары Байсейітовті қолдады
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасы» ФК ойыншылары клубтың президенті Бақтияр Байсейітовке қолдау көрсетті.

«Біз, «Ордабасының» футболшылары шымкенттік жанкүйерлердің ашық хатына қатты таңқалдық. Мұнда олар Бақтияр Даниярұлының қызметіне көңілдері толмайтынын жазған. Команда ретінде жауапкершіліктің бізге жүктелетініне сенімдіміз, бапкерлер бізді әр матчқа жақсы дайындайды, бірақ ойын кезінде олар біздің гол жібергенімізге немесе гол соға алмағанымызға кінәлі емес. Бұл ойыншылардың жауапкершілігіндегі нәрселер. Басшылықта жұмыс үшін барлық жағдай жасалған, біз оларға сенеміз. Бізде тамаша құрам бар, фанаттарға көптеген қуанышты сәттерді сыйлай алады. Дәл қазір бізге солардың қолдаулары керек. Өкінішке қарай, сәтсіз матчтар болды. Бірақ баспасөз-мәслихаттарында Байсейітов команданы қорғап, бізге сенімін кетірген жоқ. Сондықтан ойыншылар оны қатты құрметтейді», - деп жазды футболшылар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер