Criminals
Күрес

Қазақ мафиясының серкесі - «Атаба»

Қазақ мафиясының серкесі - «Атаба»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ мафиясының серкелерінің бірі Атабаев Талғат Ғалымжанұлы - «Атаба» 1966 жылы 15-ші маусымда қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы Қапал ауылында дүниеге келген.

Талғат жастайынан еркін күрестен үміт күттірер балуандардың қатарында болған. Ол КСРО-ның еркін күрестен спорт шебері, бірнеше дүркін халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Қылмыстық жорығын 90 жылдардан бастаған Талғат Алматы қаласының қылмыс серкелерін тез ығыстырып арақ-шарап зауыттарын, қазақстан-қытай шекарасын, бірнеше ойынханаларды, алматылық барахолканы өз қарамағына алған. Алайда балуанның сол кезде екінші ресми түрі болған. Ол Қазақстанның еркін күрес федерациясының вице-президенті.

«Атаба» қылмыс әлемінде аты белгілі бірегей тұлға. Қазақ рухы мен қазақ тілін сүйгені соншалық, маңайындағы неше жүздеген мықты азаматтардың көбі оының жанында қазақша сөйлейтін. Қазақтың кең сақарасында киіз үй тіккізіп отыратын. Оның мәрттігі бір басына жетіп артылатын болған. Алдына келген шалдан балаға дейн жағдайын айтып келсе, сұраушының көңілін аспандатып қайтарып отыратын. Демек, қазақ дастарханы кең, жомарт халық деп жатамыз, сол ұлтқа тән болмыс, бір басынан табылатын ержүрек, қайсар, қатал, мейірімді, намысты азамат болған. Талғат Атабаев тұлғасын шағын бір мақала деңгейінде ашу мүмкін емес. Тек бұл жазбамыз қыстыққан көңілдің бір сәтте бурқанысы деп қана түсінген жөн. Мүмкін болса, сол тағдыры өте күрделі тұлғаның сыры мен шындығын келесі жолы барынша ашуға тырысамыз. Қырғыздың мафия әлемінің серкесі Рысбек бастаған, өзбектің тағы басқалары жолыққан кездесуде, Рысбек ерекше құрмет көрсетіп, Талғатқа кетер кеткенше ізгі сенімін білдіріп отырған. Союз кезінде ТМД елінде өз ықпалын ерекше жүргізген, аты баршаға мәлім мафия серкесі Сәлімбай жаңа-жылда, Өзбекстаннан жарты сағат құттықтап ізгі көңіл-күйін білдірген. Демек халықаралық деңгейде де оның қаншалықты абыройға ие екенін сезінеміз. Қиындық көріп келген адамның қолын құр жібермейтін. Сондай ақ, маңайына ізгі тұлға болғанын білетін азаматтар бүгінде аңыз етеді. Ізгілік пен намыстан алаулаған оның жүрегі қазақ деп соққанын өкінішке орай көбі білмей кетті.

63d9f5dfe0a211e4eb3088e783a38241.jpg

Олимпиада жүлдегері Ислам Байрамуковпен.

5692369e7ca9b5b78c668540a1ca50c9.jpg

Ортада қылмыс әлемінің серкесі «сары Алмаспен» тұр.

Марқұм батырдың өлімі жайлы.


ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2005 жылдың 10-шы желтоқсан күні Атабаны ҰҚК-нің арнайы тобы тұтқындау кезінде, Талғат автокөлігінен қашып шығып, Маркова мен Тимирязев көшесінің қиылысында орналасқан Aztek ойынханасында тығылыған, сол жерде жүрегі тоқтап өлген.


Сол 2005 жылы өзім жас едім. Ол кездері «Атаба» жайлы ақпарат есту мен үшін арман болатын. Өз басым ресми мәіметтен қарағанда бейресми хабарға сенгенді жөн көрдім. 2005 жылдың 10-шы желтоқсан күні ҰҚК-нің арнайы тобы тұтқындау кезінде ол автокөлігінен Aztek ойынханасына қашқан. Сол ойынханада «Атаба» мен 3 комитетшілер арасында қақтығыс орын алған. Талғат басында-ақ екеуін ұрып жыққан. Ал үшінші қарсыласымен алысып жатқанда қалғандары жабылып, ентіккен жүрегі сол жерде тоқтап қалған.

Айта кеткен жөн болар, марқұм Талғат ағамыз Жансүгіровте жерленген. Жыл сайын желтоқсан айында еркін күрестен Талдықорған қаласында Талғат Атабаев атындағы республикалық жарыс өтеді. Оның аты мәнгі өшпес деген үміттемін.

Түйіндеп айтар болсам, Қытай мемлекеті де жасырын саясат қолданып өзінен шыққан мафиялармен жұмыс жасайды. Бүгінде қазақ неге қорғансыз? Бірді атып, нөлге түскеннен кейін әрине панасыз, қорқақ… Ол азаматтар егер елге қатер төнсе басын алдымен бәйгеге тігетін ұлттың қалқаны емес пе еді? Біз бір ұлтты адам деп қарастыратын болсақ, қазақ қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Рухы сөнген, тілі күрмелген, қаны азайған, жүрек соғысы баяу. Осыларды ойлап отырып демім сығылады. «Құйрығы жоқ жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер, аяғы жоқ қолы жоқ жылан қайтып күн көрер?» демекші «От жүректі батыр жоқ отан қайтып күн көрер» дегім келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер