Criminals
Күрес

Қажымұрат Гацалов қазақ әнімен сусындады

    Қажымұрат Гацалов қазақ әнімен сусындады
news-banner7
mobile-news-top

Даңқты балуан, Афины Олимпиадасының чемпионы, әлемнің бес дүркін жеңімпазы Қажымұрат Гацалов Астанаға ат басын бұрды. Жәй келген жоқ, Мәслихат депутаты, әнші Бекболат Тілеуханның шығармашылық кешінің құрметті қонағы болды.

Мұхамеджан Тазабеков есімді қолданушының инстаграм парақшасында Қажымұрат Гацалов Бекболат Тілеуханның кешінен ерекше әсер алып шыққанын жасырмаған: «Қазақтың сөзін түсінбесемде, әуені еліртіп әкетті, Бекболат ағамыздың дауысы жан дүниемді тебірентті»,-деп атап өткен Гацалов.

Айта кетейік, Қажымұрат Гацалов есімі спорт әлемінде алтын әріптермен жазылған. Ол еркін күрестен әлем біріншілігінің жеті мәрте жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы.

f8be252f21927810db7df761fb1e99b5.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер