СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Басқа

Тарих қойнауында. Спорттағы қызықты оқиғалар. 2-бөлім

Тарих қойнауында. Спорттағы қызықты оқиғалар. 2-бөлім
news-banner7
mobile-news-top

- Футболда өз-өздеріне қызыл қағаз көрсеткен төрешілер бар. Мысалы, «Питерборо Норт Энд» — «Роял Мэйл» матчында қазылық еткен Энди Уэйн өзіне қарсы шыққан голкипердің қасына жүгіріп барды да, тоқтай қалып, ар жағы төбелеске ұласпас үшін өзіне қызыл қағаз көрсетті. Ал «Саутгемптон Армс» — «Херстборн Таррант Бритиш Легион» кездесуінде төреші Мелвин Силвестр ойыншының итеріп жібергеніне төзбей, оны бірнеше рет ұрып тастаған. Артынша өзіне қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан кетіп қалды.

- 1950 жылы Үндістан құрамасы футболдан әлем чемпионатына жолдама алғанымен, оған қатысқан жоқ. Себебі ФИФА футболшылардың жалаңаяқ ойнауына рұқсат бермеді.

- Испаниядағы екінші лига матчтарының бірінде ойынның аяқталуына 3 минут қалғанда бас төрешіге наразы болған қос команданың футболшылары оны жан-жақтан қоршап алады. Жағдайды өз қолына алған төреші алаңдағы 22 футболшының бәріне қызыл қағаз көрсетті.

- 1959 жылы Гельзенкирхенде стадион басшылары қате жіберіп, гандбол мен футбол матчтарын бір уақытқа қойған. Екі тарап та өз ойындарын кейінге қалдырудан бас тартады. Нәтижесінде екі матч та бір уақытта ойналды, алаңда төрт команда мен екі доп болды.

- 1999 жылы италиялық «Фиорентина» футбол клубы өзінің фирмалық дүкендерінде ауа жиналған банкілерді сата бастады. Мұнда «Трибуна рухы», «Жеңіс эссенциясы» және «Киім ауыстыратын бөлменің атмосферасы» секілді ауалар болды.

- 1939 жылы веналық «Рапид» футбол клубы біріктірілген Германия чемпионатының финалдық матчында «Франкфуртпен» кездесіп, соңғы 15 минутта шешуші үш голды соғып кетеді. Содан бері «Рапидтің» өз алаңындағы матчтарда дәстүр қалыптасқан: жанкүйерлер соңғы 15 минут бойы қол шапалақтап тұрады.

- Солтүстік Кореяның ұлттық телеарнасы 2010 жылы ғана тұңғыш рет футбол матчынан тікелей трансляция жүргізген. Бұған дейін ішкі чемпионаттың ойындарын жазба нұсқада немесе өзгертілген нұсқада жариялайтын. Бірақ 2010 жылы әлем чемпионатында солтүстік кореялықтар Бразилияға күш көрсетіп, 1:2 есебімен ғана жеңілгені КХДР телеарнасына сенімділік сыйлайды: екінші турдағы Португалияға қарсы ойынды тікелей эфирде көрсетеміз! Нәтижесінде солтүстік кореялық футболшылар Португалиядан 0:7 есебімен тас-талқан болып жеңіліп қалды.

P.S. Аталмыш топтаманың бірінші бөлімін мына сілтемеден оқуға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер