Бокс

Дэниэл Джейкобс: «Бәрі Головкиннен рингке шықпай жатып жеңіледі»

Дэниэл Джейкобс: «Бәрі Головкиннен рингке шықпай жатып жеңіледі»
news-banner7
mobile-news-top

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) WBA/WBC/IBF чемпионы Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жеңу үшін психологиялық күштің маңызды екенін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Головкиннің қуаты - менің басты мәселем болып отыр. Мен барлық боксшылар Головкинмен рингке шықпай тұрып психологиялық тұрғыда жеңіліп қалады деп санаймын. Сондықтан мен тек физикалық тұрғыда ғана емес, ментальдік тұрғыда да дайын болуым керек. Бар күшімді пайдаланып, оны жеңуім қжет. Бұл бір керемет кеш болғалы тұр», - деді Джейкобс.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер