Criminals
Футбол

Александр Кузнецов: «Бұл ұрпақтың болашағы зор»

Александр Кузнецов: «Бұл ұрпақтың болашағы зор»
news-banner7
mobile-news-top
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер ұлттық құрамасының бас бапкері Петербор қаласында өткен Гранаткин Мемориалы жайлы пікірімен бөлісті.

- Балалар Қазақстанның футбол болашағының үміт отын жақты. Отандық жанкүйерлерге разымын, қолдауы мықты болды. Бүгін әуежайдың ұшып келу бөлмесіне кірместен жанкүйерлердің дауысы мен өлеңдерін естіп тұрдық. Бізге ол қосымша жігер береді. Мұндай қолдаудың бағасы жоқ. Бұл ұрпақтың болашағы бар екеніне сенімдімін.
Бастысы оларды дұрыс бағытта дамыту қажет. Жіберген қателерді сараптап, алға ілгерілеу қажет. Жастарға тәжірибе керек, сол себепті Гранаткин Меморилы сынды халықаралық жарыстарға қатысып шымдану абзал. Ұлттық құрама тарихынды тұңғыш рет топтан шықтық, ширек финал мен жартылай финалда жеңіске жетіп финалға жолдама алдық. Солай тағы бір тарихқа атымызды жаздық. Өкінішке қарай, финалда күш жетпеді. Біз нәтижеге ойнаймыз. Шәкірттерімнің барын салып ойнағанына ризамын.

- Құрамадан кімді ерекше атап өтесіз?

- Толық ұлттық құраманы. Көптеген ойыншылылар ашылды. Нақтырақ айтсақ, қақпашы Данил Усименко және алаңдағы ойыншылар Еркебұлан Сейдахмет, Айдос Орал, Дінмухаммед Кашкен, Даниил Кузнецов. Жарыс барысында командамыздың ойыншылыларына және маған «Зенит», «Спартак» және Литвадан ұсыныстар түсті. Алайда мен ұлттық құрамамен жұмыс істейтінімді айқын жеткіздім. Шәкірттеріме бұл оң жағынан әсер етті.
Қараша айында Еуропа біріншілігіне іріктеу ойындары Түркияда өтпек. Менің мақсатым сол жастар (U21) құрамасына көбірек бала жіберу.

- Қай қарсылас қиын болды?

- Әрине Гректер және Словения құрамалары. Себебі Словения жарыстың былтырғы жеңімпазы. Ресей де ауыр қарсылас, бірақ олар бізден басым болмады.

- Финалда не жетіспеді?

- Мүмкін шаршап қалдық және тәжірибе жетіспеді. Алайда балалар алаңға жігерленіп шыққан болатын. Айта кетейін, 6 ойыншымыз 2000 жылы дүниеге келген. Менің бапкерлік көзқарасым бар, ал «Астана» ФК көзқарасын ұқпадым. Ең бастысы командада бәсекелестік бар. Ол өркендеуімізге жақсы әсер етеді.

- Жоспарларыңыз жайлы айтсаңыз.

- 2-ші ақпанда ұлттық құраманың бапкерлерімен Түркияға ұшамын. Талғат Байсуфинов ойыншыларды қарайды. Ал ақпанның аяғында Тараз қаласына «Арман» жарысын тамашалап, сол 1999 және 2000 жылғы балаларды нақтылы сараптаудан өткіземіз.

- Дінмухаммед Кашкенмен болған жағдай жайлы не айтасыз?

- «Астанамен» алдын ала келіскенбіз. Клубтың дубльінде ол алаңға шықпайды. Ал ұлттық құрамада ол өзін тек жақсы жағынан көрсетуде. Оны не себепті алаңға шығармайтынын түсінбеймін.

-Бұл құрама өзгереді ме?

- Команданың тұрақты ойыншылары белгілі. 2000 жылғы балаларды іріктеп құраманы күшейтеміз. Құрамада тек мықтылар ойнайды. Аға-көкесіне сенгендер жол бермеймін.

- Словакия құрамасымен тең ойын қөрсеткен соң, сенімділік пайда болды ма?

- Біз әдейі қысымды бәсеңдеттік. Prosports.kz берген сұхбатымда нәтиже күтудің қажеті жоқ деп айтқанмын. Ал балаларға барлығын сабырлықпен қабылдауын талап еттім. Меніңше, ол өз нәтижесін берді. Ұялы телефондарын алып алғаным рас. Себебі бір ойыншымыз біреумен пікірталасып қалды. Жанкүйерлер және БАҚ өкілдерінің қолдауына үлкен рахметімді айтамын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер