Күрес

Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді
news-banner7
mobile-news-top

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында блогер Ғалым Байтук жазды.

«Біздің ұлттық күресіміз – қазақ күресі Ашхабадта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына енді. Азия ойындарында 70 келі, 90 келі, 90+ келі салмақ дәрежелерінде қазақ күресінен жарыс өтеді», - деді Байтук.

Бұл жетістікке жету үшін Серік Тукиев бастаған Бүкіләлемдік қазақ күресі Федерациясы ұзақ уақыт еңбек еткен.

«12 жылдың ішінде 50-ге жуық елден спортшылар қатысқан 6 әлем чемпионаты, 11 Азия чемпионаты, 3 әлем кубогы, 3 Еуропа мен Африка чемпионаттары өткізілді», - деп айтып өтті блогер.

Естеріңізге сала кетейін, 2015 жылы қазақ күресі UWW (United World Wrestling – Біріккен әлемдік күрес одағы) мүшелігіне қабылданған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер