Футбол

Еркебұлан Сейдахмет пен Айдос Орал үздік ойыншылар қатарында

news-banner7
mobile-news-top

Гранаткин Мемориалы - 2017 халықаралық турнирінің ең үздік ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Футбол Федерациясының ресми сайты.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет үздік шабуылшы атағына ие болды. Ал, Қазақстан құрамасының капитаны Айдос Орал үздік жартылай қорғаушы аталымында үздік деп танылды.

Қалған аталымдар бойынша үздік ойыншылар мынадай: Үздік қақпашы - Фредерик Валах (Словакия), үздік қорғаушы - Станислав Уткин (Ресей), сұрмерген - Ефрем Вартанян (Санкт-Петербург), ең бағалы ойыншы - Никита Каккоев (Ресей).

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалы - 2017 халықаралық турнирінде финалға дейін жетіп, финалда алаң қожайындары Ресей жеткіншектеріне жол берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер