Футбол

Огбонна үшін футбол маусымы аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Огбонна маусымның қалған бөлігінде алаңға шыға алмайды. Бұл туралы «Вест Хэм Юнайтед» командасының бас бапкері Славен Билич айтты.

«Огбоннаға алғысымды айтамын. Ол маусымның басынан бері жарақатымен ойнады. Оның тізесіне ота жасау керек болған. Бірақ біз ота жасауды шегере тұруды өтінген болатынбыз. Бүгінгі ойыннан соң ол тізесіне ота жасатады және маусымның қалған бөлігінде алаңға шықпайды», — дейді Славен Билич.

28 жасар Огбонна биылғы маусымда 19 ойынға қатысып екі сары қағаз алған.

«Вест Хэм Юнайтед» командасы 22 турдан соң оныншы орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер