Футбол

Руни «Манчестр Юнайтед» клубы тарихындағы үздік сұрмерген

news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын премьер-лигасының 22 турының кезекті ойынында «Сток Сити» мен «Манчестер Юнайтед» кездескен болатын.

Кездесу 1-1 есебімен тең аяқталды. Кездесудегі екі голды да «Манчестер Юнайтед» командасының ойыншылары соқты. Ойынның 19-шы минутында Мата өз қақпасына гол соғып алған. Руни кездесу аяқталуға санаулы уақыттар қалғанде есепті теңестіріп үлгерді. Уэйн Руни осы голының арқасында клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Ол барлық турнирлерде «МЮ» үшін соққан голдарының санын 250-ге жеткізді.

Бұған дейін бұл көрсеткіш «Манчестер Юнайтед» клубының аңыз ойыншысы Бобби Чарльтонға тиесілі болған. Ол «Қызыл сойқандар» үшін 249 гол соққан.


АПЛ, 22-ші тур
«Сток Сити» - «Манчестер Юнайтед» 1:1 (1:0)
Голдар: Мата 19 (а/г) - Руни 90

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер