Футбол

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы финалда ұтылды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы финалда ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Гранаткин Мемориалы халықаралық турнирі аяқталды. Финалдық ойында Қазақстан мен Ресей жасөспірімдері кездесіп алаң иелері жеңіске жетті.

Кездесудегі жалғыз голды Ресей жасөспірімдер құрамасының қорғаушысы Никита Поляков ойынның бірінші таймында соқты.

Финалдағы жеңіліске қарамастан биылғы Гранаткин Мемориалы халықаралық турнирі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін сәтті өтті деуге толық негіз бар. Бұған дейін жасөспірімдеріміз финалға шығу былай тұрсын топтан шыға алмай меселері қайтып оралушы еді.

Алайды, осы жылы Әзірбайжан, Литва, Словакиядан келген қатарластарынан озық болып топтан бірінші орынмен шықты. Ширек финалында Словения футболшыларымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда Грекия жеткіншектеріне қарсы жанкештілік танытып 2-1 есебімен жеңіске жеткен.

Финалдық ойында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының футболшысы Еркебұлан Сейдахмет үздік ойыншы деп танылды.

Гранаткин Мемориалы, финал

Қазақстан – Ресей 0:1 (0:1)

Гол: Поляков 27

Қазақстан: Устименко (қ), Аманжол, Батырханов, Кузнецов, Кусяпов, Астанов (Құдайбердінов 83), Жақсылық (Скворцов 60), Кан, Орал (к), Саюнов (Тұзақбаев 83), Сейдахмет

Ресей: Ломаев (қ), Евгеньев (к), Каккоев, Поляков, Поярков, Уткин, Вебер, Глушенков, Глушков (Яковлев 59), Лацевич (Денисов 80), Цыпченко

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер